426
Петропавлда 44 жастағы келіншекті өз пәтерінде өлтіріп кетті
Полиция күдіктіні ұстады.
Әйелдің мәйітін Петропавлдағы пәтерлердің бірінен 2 қазан күні тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалған.
«Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген СҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Әйелді өлтірді деген күдікпен 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасуда.