жұма, 11 сәуір, 2025

Қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей Le Lion турнирінде топ жарды

/
olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды.

Ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді. 

Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі - 01:09:58.

Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).

Бөлісу: