Азия кубогы: Қазақстан стенд атудан 1-орын алды

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы стенд ату клубында Азия Кубогы аяқталды.

Азия кубогы: Қазақстан стенд атудан 1-орын алды
Туризм және спорт министрлігі
Автор
Админ
440

Биылғы бәсекеде 14 мемлекеттен келген 200-ден астам стенд ату шебері бақ сынады.

Қазақстан құрамасы скит және трап бағдарламадасын қосқанда 14 медаль (6 алтын, 3 күміс, 5 қола) еншіледі.

«Скит» - Әсем Орынбай

«Скит» - Эдуард Ещенко

«Скит» жасөспірімдер арасында - Никита Моисеев

«Скит» әйелдер командасы - Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Адель Садақбаева

«Скит» ерлер командасы - Эдуард Ещенко, Давид Почивалов, Илья Пеньков

«Скит» аралас жұптық сын - Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко

«Трап» - Әлішер Айсалбаев

«Трап» Қазақстан ерлер командасы - Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов

«Дубль-трап» ерлер арасында - Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин, Артем Чикулаев

«Трап» ерлер арасында - Марк Почивалов

«Скит» ерлер арасында - Давид Почивалов

«Трап» әйелдер арасында - Айжан Досмағамбетова

«Дубль-трап» - Владлен Калимулин

«Трап» Қазақстан әйелдер командасы - Айжан Досмағамбетова, Карина Почивалова,  Анастасия Прилепина.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов стенд атудан ұлттық құрама спортшыларын жоғары жетістігімен құттықтады.

«Стенд атудан елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Азия кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары керемет нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Жарысқа құрлықтағы 15 елден 200-ден астам таңдаулы спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз 6 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль олжалап, Азияның үздігі екенін дәлелдеді. Отандық мергендерді айтулы табысымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – бірнеше жылғы тынымсыз еңбектің, спорттағы жүйелі жұмыстың айқын нәтижесі. Кейінгі жылдары елімізде стенд ату спорты қарқынды дамып келеді. Жерлестеріміз әрдайым Әлем кубогы мен Азия ойындарында үздіктер қатарынан көрініп, халықаралық жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Стенд атудағы бұл жеңіс осы спорт түрімен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады деп сенемін», - деді Ербол Мырзабосынов.

Серіктес жаңалықтары