«Аяныш сезімін тудыруға тырысты»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнаруға қатысты мәлімдеме жасады

Осыдан бір ай бұрын Әнару Қалдыбекқызы белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың өзін зорлағанын айтып, арыз жазған болатын.

«Аяныш сезімін тудыруға тырысты»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнаруға қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желі
Автор
Админ
1097

Боксшы өзіне тағылған бар айыпты жоққа шығарып баққан. Енді Жанқоштың келіншегі Клара Instagram парақшасының сторисінде Әнаруға қатысты мәлімдеме жасады.

«Инстаграмға ол әйелдің видео/фотоларын салсаң, тауып алып, аямаймыз деген қоңыраулар да келді. Суицид жасауға бейім қыз деп те на жалость давить етті. Психикалық ауытқуы бар екенін біле тұра видеоларын салсаң тағы да өзіне қол салса крайний сен боласың деп те аяныш сезімін оятуға тырысты. Кешелі-бері «енді түсінікті болды» деп тоқтаусыз келіп жатқан сансыз хаттарға рахмет! Қолдауларыңызды қатты сезіп жатырмын», - деп жазды Клара.

Ол сондай-ақ сөзіне дәлел ретінде фото-видео салатынын да айтқан.

Еске салайық, осыдан бір ай бұрын белгілі композитер Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі Жанқошпен 6 жыл қарым-қатынаста болғанын, боксшының өзін алдап қармағына түсіргенін, соңғы кездесуде еркінен тыс зорлағанын айтқан болатын. Боксшының үстінен полицияға арыз да жазған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жанқош жарақатына байланысты 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жегіне қатысудан бас тартқан еді.

 

Серіктес жаңалықтары