Түркістанда жанжал кезінде бір адам оқ жарақатын алды

Қару қолданған күдіктінің жеке басы анықталды

Түркістанда жанжал кезінде бір адам оқ жарақатын алды
istockphoto.com
253

Түркістан қаласында тұрмыстық жанжал кезінде жергілікті тұрғын оқ жарақатын алды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға бойынша Түркістан облысының полициясы қылмыстық іс қозғады.

Қару қолданған күдіктінің жеке басы анықталды. Қазір оны ұстау және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Онда қарулы жанжалға спорт мекемесі мамандарының қатысы болуы мүмкін делінген.

Спорт мекемесі өкілдерінің жанжалға қатысы бар деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Барша азаматты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары