ІІМ Астанадағы дәмханада болған жарылыстың видеосын жариялады

Полицейлер бірнеше адамды эвакуациялаған

ІІМ Астанадағы дәмханада болған жарылыстың видеосын жариялады
фото: видеодан скриншот
316

Астанада бір күн бұрын Ақыртас көшесіндегі кафелердің бірінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Polisia.kz-тің мәліметіне сүйенсек, ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері осы оқиғаның куәгері болды.

Полицейлер Диас Әбітбек, Нұржан Искаков және Бақытжан Рахат дереу зардап шеккендерге көмек көрсетуге асықты. Олар өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырып, азаматтарды өртеніп жатқан ғимараттан эвакуациялай бастады.

Адамдар көшеге шығып жатты, бірақ кейбіреулері ішінде қалып қойды. Мен оларға шығуға көмектестім, содан кейін ешкімнің қалмағанын тексердім. Бақытымызға орай, іште ешкім болмады. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер келді, және біз ғимаратта төрт газ баллоны бар екенін ескерттік, - деді Диас Әбітбек.

Қауіп-қатерге қарамастан, полицейлер ерлік көрсетті. Олардың әрекеттері ауыр зардаптардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Серіктес жаңалықтары