Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккен 57 кәсіпкердің 1,1 млрд теңге шығыны әлі өтелмеген

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің мәліметінше, Құлсары қаласындағы су тасқынынан 337 кәсіпкер зардап шеккен

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккен 57 кәсіпкердің 1,1 млрд теңге шығыны әлі өтелмеген
Видеодан алынған кадр
389

Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен 57 кәсіпкердің шығынын өтеуге 1,1 млрд теңге қажет. Бұл қаржы республикалық бюджеттен күтіліп отыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің мәліметінше, Құлсары қаласындағы су тасқынынан 337 кәсіпкер зардап шеккен.

«Жылыой ауданындағы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің залал сомасын өтеуді көздейтін өңірлік комиссияның 21 отырысы өтті. Комиссия отырысында 302 кәсіпкердің залал сомасын өтеу туралы 345 өтінімі мақұлданды. Кейбір кәсіпкерлер 2-3 өтініммен жүгінді. Осы кезге дейін 288 өтінімге сәйкес 3 млрд теңге көлемінде залал сомасы толықтай өтелді. Енді 57 өтінім бойынша республикалық бюджеттен 1,1 млн теңге көлемінде қаржы күтіліп отыр. Өңірлік комиссияның алдағы кезекті отырысында 35 кәсіпкердің өтінімі қаралып, тиісінше шешім қабылданады», - деп хабарлады Марат Мурзиев.

Әкім орынбасарының дерегіне сүйенсек, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында жеке кәсіпкерлігі, жауапкершілігі шектелген серіктестігі бар 9 кәсіпкерге 1,2 млрд теңге көлемінде залал келген. Сондай-ақ өңірдегі 73 шаруа қожалығының жылжымайтын мүлкіне келтірілген залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 2,9 млрд теңге көлемін құраған.

«Кәсіпкерлердің залал сомасы өтеу жоспарланып отыр. Мемлекет шағын бизнеске көмектеседі. Бірінші кезекте бәрі мүліктің қалай бағаланатынына байланысты жүзеге асады», - деп мәлім етті Марат Мурзиев.

Серіктес жаңалықтары