Арқалықта екі адамның арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болған

Арқалықта екі адамның арасындағы жанжал өліммен аяқталды
istockphoto.com
1183

Арқалық қаласында 39 жастағы ер адамның өлімі бойынша полиция «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz Алау сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның мәліметінше, қайтыс болған адам мен күдікті арасында ауызша жанжал шыққан. Соның салдарынан күдікті шыны бөтелкенің сынығымен оның мойнына соққы жасаған.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары