363
Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандар ұсталды
Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдар қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі», - делінген жазбада.
Аталған қылмыстық іс шеңберінде тергеу жүргізіліп жатыр.