«Қасақана өртеген»: Атырауда 70 жастағы тұрғынның мәйіті табылды

«Қасақана өртеген»: Атырауда 70 жастағы тұрғынның мәйіті табылды
Фото: Атырау облыстық ТЖД
371

Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Марқұмның 20 жастағы ұлы күйікпен ауруханаға түсті. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 25 қыркүйекте болған.

«Түнгі сағат 03:03-те Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтердің өртенгені туралы шақырту түсті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері автосатымен және баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Ал, 54 адам, оның ішінде 30 бала өздері қауіпсіз аумаққа шықты», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Пәтердегі өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы, апаттық медицина орталығынан 3 қызмеркер, 5 техника тартылған.

«Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда ер адам мен оның қызының өліміне кінәлі КамАЗ жүргізушісі 5 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары