1232
«Жарақат алуыма байланысты...»: Жанқош Тұраров күтпеген мәлімдеме жасады
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде маңызды жазба жариялады.
AllStarsBoxing кешінде Тұраров пен Пинто арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп жазды turkystan.kz.
Қазақстандық боксшы мұның басты себебін де атап өткен.
«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң жақ йығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалды. Қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламыз»,- деп жазды Жанқош Тұраров.