Қостанайда 4-курс студенті 11 жылға сотталды

Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны – шамамен 100 млн теңге.

Қостанайда 4-курс студенті 11 жылға сотталды
Polisia.kz
299

Қостанайда есірткі сатқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін полиция қалада есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын.

Polisia.kz мәліметінше, олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі (а-PVP) тәркіледі.  Осылайша, полиция айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді.

Сондай-ақ үйден электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.

Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны – шамамен 100 млн теңге.

Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен 2 айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай полициясы 63 келі түрлі есірткіні тәркіледі.

Серіктес жаңалықтары