Халықтық штаб мүшелері Қостанай облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

Халықтық штаб мүшелері Қостанай облысының еңбек ұжымдарымен кездесті
423

Қазақстанда АЭС салудың мүмкіндіктері туралы республикалық халықтық штаб мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша маңызды референдум өтеді. Осы маңызды оқиға қарсаңында республикалық штаб мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары Екатерина Смышляева мен Еркін Әбіл өңірлердегі еңбек ұжымдарымен және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізді. 

Сапар барысында үш негізгі кездесу өтті: ҚР Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімі ұжымымен, «Большевичка» ЖШС қызметкерлерімен және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен. Осы кездесулерде депутаттар АЭС салудың қажеттілігін және оның ел үшін мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Өз сөзінде Еркін Әбіл АЭС салу Қазақстанның энергетика саласында үлкен перспективалар ашатынын атап өтті. 

«Атом энергетикасы – бұл тек сенімді энергия көзі ғана емес, сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы. Климаттың жаһандық өзгеруі жағдайында біз электр энергиясын өндірудің таза әрі қауіпсіз шешімдерін іздеуге міндеттіміз», — деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, Оның айтуынша, атом электр стансасы бүгінде еліміздің энергия қажеттілігінің 70%-ға жуығын қамтамасыз ететін, бірақ сонымен бірге қоршаған ортаға елеулі зиян келтіретін көмір электр станцияларына тәуелділікті айтарлықтай төмендетеді. АЭС іске қосылуы көмірқышқыл газының және басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның климаттың өзгеруімен күреске қосқан маңызды үлесі болмақ.

Өз кезегінде Екатерина Смышляева жобаның экономикалық артықшылықтарына назар аударды.

 «АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестициялар тартып, жергілікті мамандардың біліктілігін арттырады. Сонымен қатар, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді, бұл электр энергиясына деген сұраныстың артуы жағдайында өте маңызды», - деді ол.

Кездесулер барысында тек техникалық және экономикалық аспектілер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың ең көп алаңдаушылығын тудыратын қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Екатерина Смышляева АЭС жобасы ең озық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатынын атап өтті. 

«Мұнда халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін және қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне ие 3+ буынның жаңа АЭС-терін салу туралы сөз болып отыр. Бұл станциялар кез келген төтенше жағдайларда адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы жобаланған», — деп түсіндірді депутат.

Оның айтуынша, 3+ буынды АЭС-терінде адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін және сыртқы энергия көздеріне тәуелді емес пассивті қауіпсіздік жүйелері бар. Бұл тіпті ең төтенше жағдайларда да қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді.

«Қазақстанда мұндай атом электр станциясын сәтті салу және пайдалану үшін қажетті табиғи да, технологиялық та ресурстар бар. Бұл жоба тек экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар біздің технологиялық жаңғыртудың символы болмақ», — деп қосты Смышляева.

Кездесулер қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Депутаттар диалогтың маңыздылығын атап өтіп, алдағы референдумда әр дауыс елдің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары