LRT - ның барлық бағанасының құрылысы аяқталды

LRT 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.

LRT - ның барлық бағанасының құрылысы аяқталды
Ғаламтор
Автор
Админ
301

City Transportation Systems компаниясы Астанадағы LRT бағаналарының құрылысы толықтай аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

22 шақырымға 799 баған орнатылған. Ол үшін 2,5 мың адам жұмылдырылған.

«Оларды құю үшін 53,7 куб.метр бетон, 42 мың тонна арматура жұмсалды. Бағанның төменгі бөлігінің ені 2 – 2,4 метр, жоғарғы бөлігінің ені 6,8 метр. Биіктігі жол рельефіне байланысты 5 метрден 18 метрге дейін жетеді. Бір бағанның орташа салмағы 200 тоннаны құрайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

 

 

Серіктес жаңалықтары