«Былықтың көкесі шығып жатыр»: Әнару Құрманәлінің адвокаты тың деректерді айтты

Басқа да қылмыстар анықталып жатыр.

«Былықтың көкесі шығып жатыр»: Әнару Құрманәлінің адвокаты тың деректерді айтты
Ғаламтор
Автор
Админ
8418

Белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова іске қатысты тың деректерді айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша Әнарудың татуласуға ешқандай ниеті жоқ. Кешіруге де құлықты емес. Тергеу органдары сараптама қорытындысын күтіп отыр екен. Бірақ тергеу тарапынан өрескел қателіктерге жол берілген көрінеді.

«Біріншіден, сараптама дәрігер-проктологтың қатысуынсыз өткізілген. Ондай зорлық жағдайында сараптама міндетті түрде дәрігердің қатысуымен жасалу керек. Екіншіден, сараптама кеш жасалған. Арыз бергеннен бес күннен кейін жасалған. Яғни тергеу тарапынан күдікті  (күдікті де емес, куәгер етіп өткізген) жаққа жақтасу, тіпті ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРУ орын алған деп есептейміз. Ана жақтың шіреніп жүргені де осы себепті болса керек. Полиция мен ҰҚК-де “плотный” крышалары болса, кім болсын, солай шіренсе керек. Сараптаманы сатып алғандай, сөздері ірі, әйтеуір. Бізде сатылмайтын не қалды өзі?..Бұл жерде біз барлық вариантқа моральды түрде дайын отырмыз. Қазіргі таңда сараптаманың қорытындысына қарап, әліптің артын бағып отырмыз. Бұрмалайтын болса, яғни заңсыз жасалғандықтан, теріс қорытынды шығатын болса, әрине шағым жазып, комиссиямен қайта қарауға талап қоямыз. Сонша ұзатқандарына қарағанда, 28-қыркүйек күні бокстан өтетін бой ма, халықаралық жарыс па, сол өтсін деп отыр ма деген де ой бар», - дейді заңгер.

Жаңалық бұл ғана емес. Істі тергеп жатқан тергеуші де, тергеу бөлімінің басшысы да қызметінен кеткен.

«Сосын тағы бір айта кететін жайт-істі жүргізіп жатқан тергеуші де, тергеу бөлімінің бастығы да жұмыстан кетіпті. Таяуда. Бұл кездейсоқтық па, сәйкестік пе, түсінбедік. Тергеу құпиясын жарияламау туралы қолхат бергендіктен, көп нәрсе айта алмаймын. Әйтпесе былықтың көкесі шығып жатыр.Мен қазіргі кейбір танымал жастардан (актриса, әнші, блогер дегендерден) шошиын дедім, шын айтсам. Біз қайда кетіп барамыз деп, қанша күннен бері шокта жүрмін. Басқа да қылмыстар анықталып жатыр. Олар да уақытысында айтылар. Мақсатымыз – біреудің айыбын ашу, кедергі жасау емес, кім болса да, жасаған қылмысы үшін, біреудің тағдырымен ойнағаны үшін әділетті жазасын алу керек деген ниет», - дейді Ләззат Ахатова.

Серіктес жаңалықтары