Н.Назарбаев: Бір рет сатқындық жасаған адам тағы да сатады

Н.Назарбаев: Бір рет сатқындық жасаған адам тағы да сатады

Н.Назарбаев: Бір рет сатқындық жасаған адам тағы да сатады
ашық дереккөзі
716

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде осы аптадағы ауыс-түйістерге қатысты пікірін білдіріп, сенімін ақтамаған шенеуніктер туралы сөз қозғады. 

 "Кулагин зейнет жасына келдім, барлық жерде жұмыс істедім деп рахметін айтты. Содан соң ауыстырдым. Маңғыстау облысының әкімі вице-министрлік қызметке өзі сұранды. Қарағанды облысына өз жерінің тумасын қойдық", - деді елбасы.
Мұнымен қоса, Елбасы сенім артқан шенеуніктердің жемқорлықпен ұсталғанына қиналатынын да жасырған жоқ. "Өсіріп, үйретіп, сенім артқан мамандарың кейін быт-шыт болып жемқорлықпен ұсталғанда қиналасың. Мен біреуді орнынан алып тастау үшін тағайындамаймын ғой. Ол еңбек етіп, халыққа қызмет етеді деп үміттенемін. Қазір үкіметте 70-жылдары туылған, тепсе темір үзетін жігіттер отыр  ", - деді елбасы. Президент Мұхтар Әблязовқа қатысты да өз ойын айтты. "Әблязовты да жас кезінде министр етіп қойдым. Сенімнен шықпады. Мен бір сатқан адамға қайтадан сенбеймін. Ондай адам тағы да сатады", - деді президент.

Серіктес жаңалықтары