1314
«Төреші басқа елден болады»: Қырғыз көкпаршылары қазақтарды Ыстықкөл жағасында қарымта кездесуге шақырды
Бүгін Қазақстан Көкпар федерациясына шақыру хаты жіберілген.
Қырғызстанның Көк бөрі федерациясы 1 қарашада Ыстықкөл жағасында Келісім кубогын өткізуге шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпарат Sputnik Қырғызстан агентігінің телеграм арнасында жарияланды.
«Біз 1 қарашада сол құраммен көкпар мен көк бөрі ойынын өткізуді ұсынамыз. Бұл – спорт. Ойын екі халық арасындағы алауыздыққа себеп болмауы керек. Екі елдің татулығы үшін біз жеке амбициямыздан бас тартуға дайынбыз. Судья басқа мемлекеттен болады», - деді Көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Джунусалиев.
Айта кетейік, бұған дейінгі Көшпенділер ойындарында қазақ пен қырғыз құрамасының арасында өткен көкпар ойыны дау-дамаймен аяқталған болатын.