283
Ақтауда көлік қаққан ер адам оқиға орнында қайтыс болды
Оқиғаға кінәлі адам ұсталып, полицияға жеткізілді
Қайғылы оқиға қыркүйектің 15-іне қараған түні 5-ші және 6-шы шағын аудандар арасындағы тас жолда болған. Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты.
Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаға кінәлі адам ұсталып, полицияға жеткізілді.
Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.