Атыраулық полицей Азия чемпионы атанды

Аида Хайруллина әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде суырылып алға шығып, 1 орынды қанжығасына байлады

Атыраулық полицей Азия чемпионы атанды
Атырау облысы ТЖД
319

Атырауда полициядағы қызметімен бірге спортты қатар алып жүрген Аида Хайруллина қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл жарысқа 13 елден 250 спортшы қатысып, бақ сынасты.

Олардың қатарында ел намысын қорғаған полиция аға лейтенанты Аида Хайруллина әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде суырылып алға шығып, 1 орынды қанжығасына байлады.

Серіктес жаңалықтары