Кәсіпқой боксшы Мырзағали Айтжановқа шапан жапты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Құдай қаласа дайындығын жақсы өтіп, көздеген титулдарыңа қол жеткізуіңе тілектеспін. Өзіңе жетпей тұрған «белбеулерге» ие бол. Елімізді, халқымызды қуанта бер», - деді туған күн иесі.
Мырзағали Айтжанов 2018 жылы Жәнібек Америкаға аттанған кезде ағалық қамқорлық көрсетіп, шетелдегі достарына қарайлап қоюды тапсырған. Ал бүгінде ол Жәнібектің келесі жекпе-жекке әзірлігі Қазақстанда өтетінін естігеннен кейін шәкірттерін ерте келіп, спарринг жасауға көмектесіп отыр. Бұл жайынды боксшының менеджері Берік Сұлтан айтты.