Келестегі сұмдық: Ер адам оқушы қызды зорлап, анасымен бірге өлтірген

Түркістан облысының Келес ауданында жантүршігерлік оқиға болды.

Келестегі сұмдық: Ер адам оқушы қызды зорлап, анасымен бірге өлтірген
istockphoto.com
Автор
Админ
929

Үйлердің бірінен 16 жастағы қыз бен анасының мәйіті табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 30 жастағы жігіт мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 16 жастағы оқушы қызға көзі түсіп, қырындап жүрген. Бірақ оқушы қыздың анасы мектеп директорына шағым түсіргеннен кейін, директор оны жұмыстан босатса керек.

«Ер адам есірткі шегіп алып, кегін алу үшін түнде анасы мен қызының үйіне келіп, анасын басынан кірпішпен ұрып өлтірген. Ал қызды бөлмеге кіргізіп алып, қатыгездікпен зорлаған. Қыздың беті, құлағы мен денесінің сау-тамтығы жоқ»,-деген ақпарат тарап жатыр.

Түркістан облысының Білім басқармасы күдіктінің білім саласында жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

Түркістан облысының Полиция департаменті әйел мен оның кәмелеттік жасқа толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары