Абақтыда отырған Мейіржан Төребаев адам танымастай өзгерген

Бұл туралы Мейіржанның жұбайы Дана Есеева Әсел Сәдуақасоваға берген сұхбатында айтты.

Абақтыда отырған Мейіржан Төребаев адам танымастай өзгерген
Ғаламтор
Автор
Админ
495

Биыл Мейіржанды Павлодардағы абақтыға ауыстырған. Ол күндіз жұмыс істеп, кешкісін абақтыға барады. Бес жыл жазаның үш жылын өтеген, деп жазады turkystan.kz.

«Түрмеге түскен адам бұрынғыдай болмайды дейтіні бекер емес екен. Ол жерден адам не жақсы жаққа өзгеріп шығады, не одан сайын бұзылып шығады. Мейіржан өз бойындағы адам тыңдау, түсіну, өзін өзгенің орнына қоя білу, сол ситуацияны сезіну сияқты қасиеттерін дамытқан. Жазасын өтеп, өзімен бірге отырған әр адамның өмір тарихын жатқа біледі. Ол адамдарға қалай көмектесу керек, қандай кеңес беру керек деген дүниелерді ойлап отырады», - дейді Дана.

Сондай-ақ Мейіржанның қырыққа толғанын, бұрын балалығы басым болса, енді байсалды бола бастағанын, болмысында тереңдік пайда болғанын, жылулық сезініп жүргенін де айтты. Абақты Мейіржанды қатты өзгерткен, көп нәрсені түсіндірген екен. Биыл мамыр айында өзіне тиесілі демалысында отбасына келіп кеткен көрінеді.

Айта кетейік, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 2022 жылдың сәуір айында тұтқындалған болатын. Іс резонанс тудырып, тіпті алданған бір салымшы келіншек Астанадағы ІІМ ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген.

Сот 2023 жылдың жазында оларды қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған.

Серіктес жаңалықтары