Түркістан облысының Шақпақ баба асуында ең ұзын туннель пайдалануға берілді.
Туннельдің ұзындығы 840 метр, ені 11 метр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Туннельде видеобақылау, өртке қарсы қорғаныс жүйесі орнатылған. Сондай-ақ екі басында жарық, желдету, дабыл жүйесін бақылап, бағдаршам жүйесін реттеп отыратын диспетчерлік пунт орналасқан.
Туннельге жақын жерде жол жөндеу пункті, жанармай құю станциясы, тікұшақ қонатын алаң мен сауда алаңдары бар.