Арқан тартудан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақтың ұлттық ойыны арқан тартыстан іріктеу кезеңі аяқталды.

Арқан тартудан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Автор
Админ
242

Арқан тартыстан Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамалары жартылай финалдық кезеңге жолдама алды. 720 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан ерлер құрамасы Пәкістанмен кездесіп, ақтық сынға жолдаманы сарапқа салады. Ал, 560 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін әйелдер құрамасы Қырғызстан спортшыларына қарсы кездесу өткізеді.

Айта кетейік, арқан тартыстың финалдық кезеңдері  бүгін 11 қыркүйек күні сағат 16:00-де «Алау» мұз айдыны кешенінде өтеді.

Серіктес жаңалықтары