197
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі
Төрткіл дүние көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталғанына 3 күн өтті.
Бүгін қырғыз халқының ұлттық ойыны ордоға қатысатын спортшылар анықталды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ордоға 7 мемлекеттен 56 спортшы қатысатыны белгілі болды. Ал, аталған спорт түрінен еліміздің намсын 8 асықшы қорғайды. Олар, Нұржігіт Ануарбекұлы, Нұрқанат Молжигитов, Алмас Карабаев, Мұхамбетжан Нұрланұлы, Мырзамұрат Кайыпбеков, Айбек Амангелдіұлы. Талғар Абилхан және Салмоорбек Субаналиев.
Айта кетейік, V дүниежүзлік көшпенділер ойындары аясында ордо спорты «Алай» мұз айдыны кешенінде 12 қыркүйек күні басталады. Ал, ақтық кезең 13 қыркүйек күні өтеді.