641
Назым Қызайбайға тағы бір көлік, әкесі мен бапкеріне ат мінгізді
Спортшыға ауданның атқа мінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды.
Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға жерлестері көлік сыйға берді. Ал әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкунжан Каменовке ат мінгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Райымбек ауданының әкімдігі хабарлады.
«Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Назым Абайқызы Қызайбайға құрмет көрсетілді.
Еліміздің даңқын әлемге танытқан жас спортшыға Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауданның атқа мінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды.
Сондай-ақ, спорт саңлағының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Каменов Долкунжан Турсуновичке де құрмет көрсетіп, ат мінгізді.
Шара соңы аудан өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты», - делінген хабарламада.