694
Қазақстандық спортшы Паралимпиадада рекорд орнатты
Қазақстандық пара жүзуші Нұрдәулет Жұмағали 2024 жылғы Паралимпиадада SB13 санатында 100 метрге брасспен жүзу бойынша жарыстардың іріктеу кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Нұрдәулет Жұмағали белгіленген межені 1 минут 05,11 секундта жүзіп өтіп, Азия рекордын орнатты. Осылайша, Қазақстандық спортшы финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионаттарында екі рет "күміс" алса, екі рет Азия пара ойындарының чемпионы атанды.