511
Паралимпиада: Милана Красавцева ширек финалға өтті
Отандастарымыз Паралимпиада ойындарын сәтті бастады.
Қазақстандық спортшы Милана Красавцева Париждегі Паралимпиадада таэквондодан ширек финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Милана Красавцева тэквондодан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Доминикан республикасы атынан сынға түскен Геральдо Диаспен іріктеу жекпе-жегін өткізді.
«Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті», - делінген хабарламада.
Келесі кезеңде ол Мексика спортшысы Джессика Гарсия Куиджианомен кездесуі керек.