891
«Үкіметтен төленетін»: Мақпал Жүнісова 40 жыл бұрын өнер көрсеткен видеосын жариялады
Өнер иесі сол заманда әншіге барлық керекті заттар үкімет тарапынан төленгенін айтты.
ҚР Халық әртісі, белгілі әніш Мақпал Жүнісова 40 жыл бұрын сахнада өнер көрсеткен сәтінен бейнежазба жариялады.
«Біздің кезімізде министр бәрін өзі тыңдап, радиоға ән апарсаң, бәрін талқылау кеңестен өткізетін. Сахналық киімдерімізге дейін қарап, ескерту жасайтын. Барлығы тегін еді.
Ол уақытта көйлек те, аяқкиім де, жолың да, ішер тамағың да бәрі үкіметтен төленетін. Қазір бәрін өзің төлейсің. Сосын қазір бәрі 20 есе қымбаттап кеткен ғой», – деп жазды әнші.