Астанада «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік сабақ өтті

Мерекелік сабақ өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға және тәрбиелеуге бағытталған.

Астанада «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік сабақ өтті
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы
503

28 тамыз күні Президенттік орталықта Конституция күніне және Білім күніне орай Астанадаағы №96 мектеп-гимназиясының болашақ бірінші сынып оқушылары үшін «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік сабақ өтті.

Бұл шараға 30-дан астам бала қатысты.

Мерекелік сабақ өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға және тәрбиелеуге, сондай-ақ балалардың Қазақстан туралы білімдерін жинақтап, жүйелеуге, республиканың мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті көзқарасты дамытуға бағытталған.

«Бүгінгі сабақта кішкентай бүлдіршіндеріміздің Отан тақырыбына орай дайындаған өздерінің жүрекжарды тақпақтарын, әндері мен өнерлерін қалай көрсеткеніне куә болдық. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз. Бұл бағытта өз Отанын, елін, туған қаласын сүюге бағыттайтын балалар шығармашылығын ұйымдастыруда Президенттік орталық пен елорданың білім беру мекемелері арасында көптеген жылдардан бері тұрақты әріптестік қатынас орнады», - деп атап өтті құттықтау сөзінде ҚР Президенттік орталығының директорының орынбасары Серік Сыдықов.

Шара барысында болашақ мектеп оқушылары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен және туған елінің тарихымен танысты.

Сонымен қатар, мерекелік сабаққа қатысушылар өз білімдері мен таланттарын көрсетіп, Қазақстан туралы тақпақтар мен нақыл сөздер айтып, әндер орындап, өздерінің хореографиялық қойылымдарын көрсетті.

«Мектеп табалдырығын енді ғана аттап тұрған балаларымыз үшін мұндай мерекелік іс-шараға қатысу өте маңызды әрі пайдалы. Бұл оларға болашақта бүкіл елдің сенімді тірегі мен мақтанышы болу үшін мүмкіндігінше жақсы оқуға деген керемет бастама мен ұмтылыс беретініне сенімдімін», - деп болашақ оқушылар бірінің әжесі Венера Сапарова өз әсерімен бөлісті.

Айта кету керек, бүлдіршіндерге арналған алғашқы қоңырау соғылды, бұл олардың өміріндегі жаңа және маңызды кезеңнің басталуын білдіреді.

Мерекелік шара соңында кішкентай қатысушыларға алғашқы сабақтан естелік ретінде сыйлықтар табыс етіліп, гимназия ұстаздарына алғыс хаттар берілді.

Серіктес жаңалықтары