Өзі конференцияға келмеген: Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әнару Қалдыбекқызын зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраров дүйсенбі күні баспасөз конференциясын өткізіп, жағдайға байланысты мәлімдеме жасайтынын айтқан еді. Бірақ бүгінгі конференцияға боксшының өзі келмеген.

Өзі конференцияға келмеген: Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады
Ғаламтор
Автор
Админ
521

Тек адвокаты Самат Мамытов қана келген. Ол Жанқош пен Әнарудың әлеуметтік желі арқылы таныс болғандарын растады.

«Екеуі әлеуметтік желі арқылы таныс. Хат жазысып тұрған. Бірақ ол хатта қандай әңгіме айтылғанын мен білмеймін. Қазір сіздерге қылмыстық іс материалдарынан ақпарат бере айта алмаймын. Себебі біз мәліметтерді жарияламау туралы құжатқа қол қойдық»-деді Самат Мамытов.

Адвокат сондай-ақ Жанқош Тұраров бойжеткенге ақша ұсынды деген ақпаратты да жоққа шығарды.

«Қазір біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз: біріншісі – дерт немесе психикалық сипаттағы ауытқу; екіншісі – хайп, танымал болу немесе біреудің тапсырысы. Не болмаса басқа факторлар, мен оларды қазір айта алмаймын»-деді.

Адвокаттың айтуынша Жанқош Тұраровтың өзі қазір 28 қыркүйекте Алматыда өтетін сайысқа дайындалып жатыр. Сонымен қатар Жанқоштың бар айыптауды жоққа шығаратынын, өзін кінәсін санайтынын, өзінің ар-абыройын қорғайтынын, бойжеткен жала жапқан жағдайда оны жауапкершілікке тартатынын жеткізді.

Самат Мамытов тергеу қорытындысын күтуді сұрады.

Алматының Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жанқош Тұраров - IBO World нұсқасы бойынша орташа салмақта бокстан әлем чемпионы. 2009 жылдан бері кәсіби рингте өнер көрсетіп жүр. 28 жекпе-жек өткізіп, ешбірінде жеңілмеген. Оның 20 жекпе-жегін нокаутпен жеңген. 28 қыркүйекте IBO чемпиондық титулы мен WBА Сold белбеуін қорғайды.

 

Серіктес жаңалықтары