T-LIFE

Ұйықтар алдында 10 минут ой жаттығуын жасау жүйке саулығын жақсартады – зерттеу

сурет: istockphoto.com

Бірінші топ бір ай бойы тыныс алуға концентрация, босаңсу сияқты жаттығуларды тыңдап ұйықтаса, екінші топ «Алиса ғажайыптар елінде» ертегісін тыңдаған.

Ұйықтар алдында 10 минут ой жаттығуын жасау жүйке саулығын жақсартады. Зерттеу нәтижесі бойынша, ұйқы алдында небәрі 10 минуттық жаттығу тыңдау мотивацияны арттырып, алаңдаушылықты азайтуға көмектеседі екен.

Экспериментке екі топ қатысты: бірінші топ бір ай бойы тыныс алуға концентрация, босаңсу сияқты тәжірибелерді тыңдап ұйықтаса, екінші топ «Алиса ғажайыптар елінде» ертегісін тыңдаған.

Бір айдан кейін бірінші топта депрессия белгілері 19%-ға төмендеп, ұйқы сапасы мен салауатты өмір салтына деген мотивация жақсарған.

Бат университетінің психологиялық зерттеулер этикасы комитеті бұл зерттеуді мақұлдады (№22-015). Авторлар бұл жұмысқа үлес қосатын барлық процедуралар тиісті ұлттық және институционалдық адам эксперименттері комитеттерінің этикалық стандарттарына және 2008 жылы қайта қаралған 1975 жылғы Хельсинки декларациясына сәйкес келеді деп мәлімдейді.