«Ақтөбе» клубының футболшылары «Ордабасыны» жеңсе, 3 млн теңгеден сыйақы алады

Матч 25 тамызда Астана уақытымен 20:00-де басталады

«Ақтөбе» клубының футболшылары «Ордабасыны» жеңсе, 3 млн теңгеден сыйақы алады
Ақтөбе ФК
438

Бүгін Қазақстан премьер-лигасы 18-турының орталық матчында «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездеседі. Ойын Шымкент қаласында өтеді, деп хабарлады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Тотальный футбол» телеграм-каналының жазуынша, «Ақтөбе» басшылығы команда жеңіске жеткенде ойыншыларға қомақты сыйақы беруге уәде еткен. Егер команда үш ұпай еншілесе, әр ойыншы 3 миллион теңгеден сыйақы алады екен.

Сол секілді «Ордабасы» ойыншыларын да қомақты сыйақы күтіп тұр. Клуб президенті Асхат Сейсембек матч алдында жаттығу базаға келіп ойыншылармен сөйлескен. Ол футболшыларға жігер беріп, жеңіске жетсендер сыйақы болады деп уәде еткен көрінеді.

Матч 25 тамызда Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Серіктес жаңалықтары