сенбі, 5 сәуір, 2025

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

/
сурет: olympic.kz
Әлем чемпионатында Қазақ­стан қоржынына екі күміс медаль түсті.

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жас­қа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақ­стан қоржынына екі күміс медаль түсті. 

Грек-рим күресінен 51 келіде фи­нал­ға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сын­да америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль ие­лен­ді. 

Сондай-ақ 80 келіде белдескен Ер­кеб­ұлан Анапия финалда нейтралды спорт­шы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігі­нің күмісін иеленіп отыр.

Бөлісу: