Грантқа түсе алмаған алматылық түлек министрлікті сотқа берген

Заңгер Әжіғұлова ондаған баланың сотқа шағымдануға ниетті екенін атап өтті.

Грантқа түсе алмаған алматылық түлек  министрлікті сотқа берген
Turkystan.kz
421

Алматылық талапкер Медина Майсар ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Медина Майсар жоғары балл алса да, грантқа түспей қалғанына, ал одан төмен алғандар грантқа ілігіп кеткеніне наразы.

«Кеше бірінші талапкер ғылым министрлігіне әкімшілік шағым түсірді. Өкініштісі, министрлік әлі күнге дейін өз қатесін мойындамай, заңға қайшы келіп, төтенше квота енгізуге құқығы бардай сыңай танытып отыр», – дейді заңгер Халида Әжіғұлова.

Оның айтуынша, мектеп бітіріп, мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған 200-ден астам бала көмек сұрап келген.

Іс әлі сотқа жеткен жоқ. Әжіғұлова ондаған баланың сотқа шағымдануға ниетті екенін атап өтті. Осыған дейін Медина Майсар президентке үндеу жолдап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған еді.

Серіктес жаңалықтары