«Жеке шәкірті болмауы керек»: Бас бапкерге қойылған негізгі талаптар қандай?

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков ұлттық құраманың жаңа бас бапкеріне қойылған негізгі талаптарды атады.

«Жеке шәкірті болмауы керек»: Бас бапкерге қойылған негізгі талаптар қандай?
фото: Olympic.kz
Автор
Админ
566

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

"Қайрат Сәтжановтың алдағы олимпиадалық циклге ұсынған жоспарын талқыладық. Көңілімізден шықты. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас бапкерді ауыстырғанымызды білесіздер. Оған қойылған негізгі талаптардың бірі  - командада жеке шәкіртінің болмауы. Сондай-ақ, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз», - дейді Ділдәбеков.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын.

Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандықтар Сербияда (2021) өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары