"Louis Vuitton сөмкесін жерге қоймаймын!": Қытайлық әйел қымбат аксессуар үшін рейсті тоқтатып тастаған

Әйел бортсеріктің өтінішін орындамай, қымбат аксессуарды эконом-класстағы бос орынға қоюды талап еткен.

"Louis Vuitton сөмкесін жерге қоймаймын!": Қытайлық әйел қымбат аксессуар үшін рейсті тоқтатып тастаған
сурет: SCMP composite/Shutterstock/Douyin
970

Қытайда әйел Louis Vuitton брендінің сөмкесін ұшақтағы орындықтың астына қоюдан бас тартып, рейсті тоқтатып тастады. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.

Әйел бортсеріктің өтінішін орындамай, қымбат аксессуарды эконом-класстағы бос орынға қоюды талап еткен. Жолаушы шамамен бір сағат бойы айтқанынан қоймай қойған. Осы уақыт ішінде ұшақ ұша алмай, ұшу-қону жолағынан кері қайтарылып, қайтадан қону аймағына жеткізілген. Бір сағаттық даудан кейін полиция әйелді ұшақтан шығарып жіберді.

China Express Airlines компаниясының Чунциннен Хэбэй провинциясына ұшатын рейсіне сатып алынған билет жолаушыға шамамен 800 юаньға (шамамен 110 доллар) түскен. Ал Louis Vuitton сөмкесінің бағасы 3 000 доллар шамасында.

Оқиға Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыланды. Кейбір адамдар жолаушының экипаждың нұсқауларына бағынбауын және қауіпсіздік талаптарын елемеуін сынға алды. Ал басқалары бортсеріктің бұл жағдайды басқаша шеше алатынын атап өтті: ұшуды тоқтатып, полиция шақырғанша, әйелге сөмкесін пакетке салуды ұсынуы керек еді деп пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары