«Басқа құдалықта ән айтып жүр»: Қызын ұзатқан Абай Бегей көпшіліктің сынына қалды

Қызының ұзатуында әкесін іздеген желі қолданушылары түрлі пікір айтып жатыр.

«Басқа құдалықта ән айтып жүр»: Қызын ұзатқан Абай Бегей көпшіліктің сынына қалды
Абай Бегей. Фото: instagram/abai_begei
805

Танымал эстарада әншісі Абай Бегейдің қызы ұзатылып жатқанда басқа құдалықта ән айтып жүргені желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, жақында әнші салт-дәстүр бойынша алып қашып кеткен қызына ақ батасын берген болатын. Алайда желіде оның бұл некеге аса жақсы қарамағаны жайлы айтылып жатыр.

Жел қолданушылары өнер иесін қызының ұзатылған сәтінде бой көрсетпегенін сынға алып, түрлі пікір жазған.

Оқырмандардың бір тобы «Қызы ұзатылып жатқанда блогер Айым Алтынбекованың құдалығында ән айтып жүргені несі?» деп жазса, енді бірі «Басында алып қашып кетті ғой, батыста әкесі мұндай кезде тойға қатыспайды» деп жазған. Сондай-ақ «Алдын ала құдалыққа тапсырыс алып қойған ғой» деген пікір жазғандарда бар.

Серіктес жаңалықтары