Ресейге жалға берiлген Ембi сынақ полигоны Қазақстанға қайтарылатын болды. Сенат тиісті заң жобасын қабылдады. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады. Полигон аумағы пайдалануға толықтай жарамды күйінде қайтарылған. Қорғаныс вице-министрі Оқас Сапаровтың айтуынша, Ресей Федерациясына Қазақстан тарапынан ешқандай шағым жоқ. Мұнда негізінен зерттеу жұмыстары мен оқу-жаттығу шаралары жүргiзiлген. Ал қолданылған қару-жарақтарға қатты отын пайдаланылған көрінеді. Олардың келтiретiн қауiп-қатерi мен зияны өте төмен, полигон аумағындағы топыраққа жүргізілген зерттеу нормадан тыс нәтиже көрсеткен жоқ,- деді вице-министр.
Жүктелуде...