Ерке Есмахан: Кейде Райым мені қызғанып қалады

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап беріп, жеке өмірі жайлы айтты.

Ерке Есмахан: Кейде Райым мені қызғанып қалады
Ғаламтор
Автор
Админ
299

Оқырмандарының бірі: «Ажырасқаннан кейін қалай күйеу табуға болады? Сену қиын!»-деген сұрақ қойған.

Өз кезегінде әнші: «Неге сену қиын? Мен мысалы ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған күйеу галочка үшін керек емес еді. Мені түсінетін, аялайтын, мені қалай бармын солай қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет тұрмысқа шығамын деп өз-өзіме сөз бердім. Аллаға шүкір, осы бар талабым Райымның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым. Құдайға шүкір, ұрыспаймыз. Анда-санда менің еркелігім ұстап қалады. Кейде Райым қызғанып қалады. Басқа уақытта арамызда тек бақыт, сыйластық, махаббат»-деп жауап берген.

Сондай-ақ қыз-келіншектерге өзінің ақылын да айтты.

«Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз. Замужем/незамужем деген статус емес. Бастысы – бақытты болу!»-дейді.

Серіктес жаңалықтары