Танымал әнші Төреғали Төреәлі кезекті бейнебаянына кастинг жариялады, деп жазды turkystan.kz.
«Жақында жарық көрген “Айнадағы қыз” атты әнімізге түсірілетін бейнебаянға 18 бен 25 жас аралығындағы қарындастарымызға кастинг жариялаймыз. Шарты оп-оңай. Сол әнімізге 15 секундтық қызықты видео түсіріп, бізді белгілеп кетсеңіз болды», - деп жазды әнші.
Жазбаға пікір білдірген желі қолданушыларының сөзіне сенсек, бейнебаян кейіпкеріне айналуға ниеттілер көп болғалы тұр.