700
«Алакөлден кейін шетелге бармаса да болады»: Салтанат Бақаева Қазақстанның көрікті жерлерін атады
Ел арасында Қазақстанның өңірлерінде демалуды жөн көретін адамдар қарасы көбейіп келеді.
Әнші Салтанат Бақаева биыл балаларын шетелге апара алмағанын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Жаздың бітуіне аз қалды. Шын мәнінде уақыт зымырап өте шықты. Бұл жазда балаларымызды шетелге апармасақ та отбасымызбен өте керемет уақыт өткіздік! Бір рет Қапшағайға бардық және 3-4 күн Алакөлде өте керемет демалдық! Алакөлден кейін тіпті шетелге бармаса да болады деген ой келді. Себебі табиғаты әдемі, суы одан да керемет! Негізі Ақтауға да барғымыз келеді, бірақ жұмыстан босамай жатырмыз. Өз еліміздің туризмін дамытайық,ол бөтен елге керек емес. Барымызды өзіміз бағалай білсек, өзге жұрт та тартылады», - деді әнші әлеуметтік желіде.