«Су беріңдерші»: Президентке өтініш айтқан бала жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Өнерпаз бала Президенттен Мәдениет үйіне су толтырылған кулер қойса екен деп сұраған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары алдында Шахтерское ауылында тұратын Николай есімді музыкант баланың тілегі орындалды.
«Президент облысқа келіп, «Бүгін менің көңіл-күйім тамаша. Міне, жанымда облыс әкімі тұр. Не сұрасаң да бәрін береміз. Оны облыс басшысына тапсырамын» десе не сұрайтын едің», - деп сұрақ қойды журналист балаға.
Өнерпаз бала Президенттен су толтырылған кулер сұраған.
Президент келсе біздің Мәдениет үйіне су толтырылған кулер қойса екен деп сұрар едім, - дейді бала.
Әлеуметтік желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды.
«Алдымен су беріңдерші» деді ғой», «Жаным-ау, тәттісін-ай», «Коляның арманы орындалған шығар», «Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ», «Баланың жүрегі таза ғой», «Халқын ойлап айтқаны», - деп жазған олар.
Кейін тілші Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.