«Легионер болған соң, білгенін жасап жүр»: Балауса Мұздыман Рыбакинаны сынға алды
Боксшыға денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарынан бас тартқан теннисшілердің АҚШ-тағы турнирге кеткені ұнамаған.
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваны сынады.
Боксшыға денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарынан бас тартқан теннисшілердің АҚШ-тағы турнирге кеткені ұнамаған. Ал Путинцева бірінші раундта жеңіске жетіп үлгерген.
«Легионер болған соң білгенін жасап жатыр. Қай ұлт болсын Қазақстанда кіндік қаны тамып, туып-өскен болса, оның еліне бүйрегі бұрып тұрады. Біздің құрамада да басқа ұлттың қыздары бар. Алайда, олардың жүректері «қазақ» деп соғып тұр. Елдің намысын қорғап, туымызды биікке көтеріп жүр. Өйткені олар Қазақстанда туған, олардың отаны Қазақстан! Ауырып өлейін деп тұрсада рингке шығып, соңына дейін күреседі. Сондай-ақ елі оларға сеніп отырғанын сезінеді. Ал легионерлерде ондай сезім жоқ. Олар тек біздің елдің атынан шығуға мүмкіндік алғандар. Сол арқылы ақша тауып жатқан спортшылар», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Ал Қазақстанның теннис федерациясының мәліметінше, спортшылардың қалпына келу процесі қаншалықты сәтті өткенін корттағы ойын ғана көрсетеді.