Министрлік «Үздік педагог» байқауын жариялады

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.

Министрлік «Үздік педагог» байқауын жариялады
Оқу-ағарту министрлігі
537

Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн. 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  • кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);
  • кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);
  • кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz  веб-порталында жүзеге асырылады.

«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Сондықтан маңызы зор. Осы уақытқа дейін  700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Айта кетейік, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1000 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі. Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.

Серіктес жаңалықтары