"Өрттен атам мен әкем қайтыс болды": Брейкингтен Олимпиадада ел намысын қорғаған Әмір Закиров көңілі босады

Олимпиада ойындарында жартылай финалға шыға алмаған Әмір Закиров жарыс аяқталған соң көңілі босады

"Өрттен атам мен әкем қайтыс болды": Брейкингтен Олимпиадада ел намысын қорғаған Әмір Закиров көңілі босады
olympic.kz/Тұрар Қазанғапов
1177

Олимпиаданың ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған қазақстандық брейкер Әмір Закиров жарысқа киіп шыққан киімінің маңызы туралы айтты.

"Бұл жолы мен басқа спортшылар секілді емес, ерекше киініп келдім. Жейде мен шалбарды достарыммен бірге тіктірдім. Жейдемде ауылымның кескіні, әрі менің балалық шағым өткен үйімнің суреті бейнеленген. Өкініштісі сол, ол үйде бес жыл бұрын өрт болған. Өрт кезінде әкем мен атам қайтыс болды. Бүгін брейкингтегі өнеріммен қатар отбасымды, қарапайым ауылдан шыққан қиын өмірлік жолымды көрсеткім келді. Бұл мен үшін маңызды болды. Менің қолымнан келді деп ойлаймын", – дейді Әмір Хабар арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, брейкинг Олимпиада ойындарының бағдарламасына биыл бірінші рет енгізілді.

Серіктес жаңалықтары