Париж Олимпиадасына қатысып, күміс медаль еншілеген Демеу Жадыраев елге оралды.
Демеу Жадыраевты Алматы әуежайында Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды.
Айта кетейік, финалда отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласы жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.