«Біздің боксымызға үлкен реформа қажет» – Қазақстан бокс федерациясының президенті

Қазақстан бокс федерациясының президенті Париж Олимпиадасынан алтын жүлде бұйырмағанына жауап берді.

«Біздің боксымызға үлкен реформа қажет» – Қазақстан бокс федерациясының президенті
Фото: instagram/boxingkazakhstan
688

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп боксшылардың Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында көрсеткен нәтижесін қорытындылады.

"Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар, федерация, жаттықтырушылар тарапынан да. Бәріміз қатемізді, кем-кетіктерді көріп, бір шешімге келдік. Біздің боксымызға үлкен реформа қажет",  – дейді федерация басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар 10 салмақта (7 салмақ ерлер, 3 салмақ әйелдер) бақ сынады. Ерлер арасында Нұрбек Оралбай күміс жүлдені місе тұтса, қыздардан Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды.

Серіктес жаңалықтары