Париж Олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды (ВИДЕО)
Ұлттық құрама спортшыларын Алматы қаласының әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды.
Елімізге тарихи жеңіс сыйлаған спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының «күміс» жүлде иегері Нариман Курбанов пен нысана көздеуден араға 28 жыл салып, «қола» жүлдеге ие болған қос отандасымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев елге оралды.
Барша қазақ елінің үмітін ақтап, көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық құрама спортшыларын Алматы қаласының әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды.
Еске салсақ, Нариман Курбанов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Ал, нысана көздеуден ел қоржынына сонау 1996 жылдан бері алғашқы жүлдені сыйлаған отандастарымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев Париж Олимпиадасының «қола» жүлде жеңіп алды.