7 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

7 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Istockphoto.com
447

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 тамызға арналған ауа райы боламын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағаймен, бұршақпен және дауылмен жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Тек елдің оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтілуде.

Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары